«Ордабасы» жолдастық кездесуде «Ягеллонияны» жеңе алмады (ВИДЕО)

Редактор
27.01.2024, 18:11

Қазақстандық клубтар жаңа маусымға дайындалып жатыр

instagram.com/fc__ordabasy/

Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан Қазақстан чемпионы «Ордабасы» футбол клубы Польшаның «Ягеллониясымен» жолдастық кездесу өткізді.

Шымкенттік команда сапынан алаңға Сейсен, Тұрсынбай, Сүйімбаев, Ерланов, Реджинальдо, Васильев, Макаренко, Малый, Тұңғышбаев, Беседин және Брага шықты.

Ойын ашық әрі тартысты өтті. Соның нәтижесінде қос команда екі-екі голдан соғып, алдағы маусымға дайындықтарын тағы бір пысықтады. «Ордабасы» сапынан Евгений Макаренко (пенальти) мен Думан Нарзилдаев гол авторы атанды.

Айта кету керек, «Ягеллония» Польша чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. Қазір де команда турнир кестесінің екінші сатысында тұр.

Материалда: