«Барселона» тағы жеңілді, Хави отставкаға кететінін мәлімдеді

Редактор
28.01.2024, 02:35

Каталондық клуб қатарынан екі матчта қосымша уақытта жеңілді

Чемпионат.ру

«Барселона» футбол клубының бас бапкері Хави маусым соңында отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо өзінің X желісіндегі парақшасында жазды.

«30 маусымда мен клубтан кетемін. Бұл шешімді біз клуб президентімен, басқармамен талқыладық… «Барселонаға» өзгеріс керек. Мен мұны президентке түсіндірдім, арамызда өте жақсы әңгіме болды. Олардың маған деген сенімі бүгінге дейін толық еді. Бірақ, кететін уақыт келді. Бұған экономикалық жағдайдың қатысы жоқ, мен бұл шешімді жүрегіммен қабылдап отырмын. Клуб үшін де қазір керегі осы. Мен проблема болғым келмейді», - деді Хави «Вильярреалмен» болған ойыннан кейін.

Аталған матчта «Барселона» соңғы минуттарға дейін 3:3 есебін ұстап тұрып, судья қосқан қосымша уақытта қатарынан екі гол жіберіп алды.

Қазір каталондық команда турнир кестесінің үшінші сатысында келеді. Ол жеңіліп қалған «Вильярреал» 14-орында келеді.

Материалда: