Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Қайратты» тек «Реал» емес, «Оқжетпес» те жеңіп жатыр - Марат Ахметжанов

Редактор
07.10.2025, 23:49

Ақмола облысының әкімі жергілікті клубты жекешелендіретінін айтты

Kazfootball.kz

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Уәде» бағдарламасында өңірдің басты футбол командасы «Оқжетпес» жайлы қызықты мәлімдеме жасады.

«Оқжетпесіміз» қазір премьер-лигада ойнап жатыр. Жекешелендіреміз, қазір 6-орында. Ойыны жаман емес. Бизнесмендерден сұранысты қарастырып жатырмыз, ойынның сапасына да қараймыз. Алматыға барып «Қайратты» жеңдік. «Қайратты» жеңіп жатқан тек «Реал» емес, «Оқжетпес» те бар. «Оқжетпес» те «Қайратты» ойсыра ұтып келді. Қазір «Оқжетпестің» ойыншылары ұлттық құрамаға үміткер ретінде шақырылып, ойнап жатыр. Қолым бос кезде ойындарып көріп тұрамын», — деді әкім.

Айта кетейік, мамыр айында «Оқжетпес» Қазақстан чемпионатында тағы бір сенсацияға қол жеткізді. Көкшетаулық клуб ел чемпионы атағына үміткер саналатын «Қайратты» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама