Тілсіз жау үйдің жертөлесіндегі саунадан шыққан
Мадридтік «Реал» мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Винисиус Жуниордың Испаниядағы үйінде өрт шықты.
Оқиға 9 қазан күні Мадрид маңындағы Ла-Моралеха тұрғын ауданында орналасқан үйінде болған. Өрт кезінде Винисиус Жуниор үйде болмаған. Ол Бразилия құрамасының оқу-жаттығу жиынында жүрген.
Тілсіз жау үйдің жертөлесіндегі саунадан шыққан. Салдарынан сауна толық жанып кеткен, ал түтін үйдің екі қабатына дейін жайылған.
Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі – саунадағы электр сымдарының ақауы болуы мүмкін.