Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы Өзбекстаннан жеңіліп қалды

Редактор
12.10.2025, 19:40

Бұған дейін Мамонов шәкірттері Андоррадан да жеңілген болатын

Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстанның U21 құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Матч Ташкентте өтті.

Қос құраманың жас футболшылары тең дәрежеде ойын көрсеткен. Дегенмен, ойын аяқталар тұста алаң иелері матчтағы жалғыз голды соғып, жеңісті жұлып алды.

Ойынның 84-минутында Қазақстан құрамасының қорғаушысы өрескел қателесіп, аяғындағы допты қарсыласына «сыйлай салды». Мұндай сәтті ұтымды пайдаланған өзбек шабуылшысы қақпашымен бірге-бір шығып, допты қақпада тулатты.

Осылайша Қазақстанның U21 құрамасы қатарынан екінші рет жеңіліп отыр. Бұған дейін Еуропа чемпионатының іріктеуінде Мамонов шәкірттері топтың аутсайдері Андорраға есе жіберді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама