Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Ақтөбенің» 15 жастағы футболшысы көз жұмды

Редактор
13.10.2025, 09:28

Футболшының әжесі және немере ағасы да дүниеден өткен

әлеуметтік желі

«Ақтөбе» футбол клубы өзінің жас ойыншысы Арон Мұсаның өмірден өткенін хабарлады. 15 жастағы спортшы QJ League турнирінде ойнайтын «Ақтөбе U-16» командасының қорғаушысы болған.

Клубтың ресми мәлімдемесінде:

«Кеше, QJ League турнирінде ойнайтын “Ақтөбе U-16” командасының ойыншысы, 15 жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды. Арон бауырымызбен бірге әжесі және немере ағасы да дүниеден өтті. Мұса әулетіне, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Аро №15 — сен әрдайым жүрегіміздесің!» — делінген.

Қайғылы оқиғаға байланысты клуб пен жанкүйерлер отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: