Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Кірпішпен шабуылдаған: жанкүйерлер автобус жүргізушісін өлтірді

Редактор
20.10.2025, 17:51

Оқиға «Пистоя» командасы «Риетиді» сырт алаңда 88:73 есебімен жеңгеннен кейін болған

t.me/aznovost

Италияда жан түршігерлік оқиға болды. Sky News мәліметінше, баскетбол жанкүйерлерін тасымалдаған автобустың 65 жастағы жүргізушісі жанкүйерлер шабуылынан көз жұмды.

Оқиға «Пистоя» командасы «Риетиді» сырт алаңда 88:73 есебімен жеңгеннен кейін болған. Команда Пистояға кетіп бара жатқан кезде қарсы команданың жанкүйерлері автобусқа тас пен кірпіш лақтырған. 
Сол тастардың бірі әйнекті жарып өтіп, екінші жүргізушіге тиіп, оның кеңірдегін жаралаған. Дәрігерлер оны аман алып қалуға тырысқанымен, өмірін сақтап қала алмады. Марқұм бірнеше ай бойы «Пистоя» жанкүйерлерін тасымалдаған көлік компаниясында еңбек еткен.

Италия премьер-министрі Джорджа Мелони әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде бұл әрекетті «қорқақ әрі қылмыстық шабуыл» деп атап, кінәлілердің тез арада анықталып, заң алдында жауап беретінін айтты.

Айта кетейік, А2 сериясы – Италия баскетболындағы екінші деңгейлі лига. Қазір «Пистоя» турнир кестесінде бесінші орында, ал «Риети» алтыншы орында тұр.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: