Илано әкесінің туған күніне арналған кештен үйіне қайтып келе жатқан
Бразилияның жастар құрамасының ойыншысы, «Пиауи» клубының 20 жастағы футболшысы Антони Илано жол апаты салдарынан қаза тапты.
Қайғылы оқиға 20 қазан күні, дүйсенбі таңертең болған. Илано әкесінің туған күніне арналған кештен үйіне қайтып келе жатқан сәтте жолға кенеттен шыққан сиырмен соқтығысқан. Соқтығыстың салдары ауыр болып, футболшы оқиға орнында көз жұмған.
Қазір апаттың себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Бразилия футбол қауымдастығы мен жергілікті клубтар жас спортшының отбасына қайғыра көңіл айтып, оның болашағынан зор үміт күттірген дарынды ойыншы болғанын атап өтті.