Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Қазақ футболшысы Португалия чемпионатында гол соқты

Редактор
23.10.2025, 11:47

Әлікеевтің қарсыластары өзінен екі жас үлкен ойыншылар болды

әлеуметтік желі

15 жастағы қазақстандық шабуылшы Шыңғыс Әлікеев Португалия чемпионатындағы жаңа маусымда алғашқы голын соқты.

Лиссабонның «Бенфика» клубында өнер көрсететін жерлесіміз екінші дивизионның (U-17) төртінші турындағы матчта «Амору» командасымен матчта көзге түсіп, командасына қарсыласын 7:0 есебімен ойсырата жеңуге көмектесті. Маңызды жайт, Әлікеевтің қарсыластары өзінен екі жас үлкен ойыншылар болды.

Астанада дүниеге келген жас футболшы алаңда 65 минут өнер көрсетті, ал оның командасы сенімді түрде жеңіске жетті.

Анықтама үшін:

Өткен маусымда Әлікеев «Бенфика» U-16 құрамында Португалия чемпионы атанды. Бұған дейін «Эшторил» клубында ойнаған ол 22 кездесуде сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берген. Осы жетістіктерінің арқасында жас футболшы Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына шақырту алған болатын.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама