Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Зинедин Зидан «Ливерпульдің» бас бапкері болуы мүмкін

Редактор
31.01.2024, 11:04

Клуб басшылығы француз маманына осындай ұсыныспен шығып отыр

Getty Images

«Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп маусым соңында отставкаға кететінін мәлімдеген болатын. Содан бері клуб қожайындары оның орнына жаңа маман іздеуге кірісіп кетті.

Todofichajes басылымының мәліметінше, ливерпульдік команда басшылары бас бапкер ретінде Зинедин Зиданды көргісі келеді. Клуб өкілдері бүгінде француз маманымен байланысып, ұсынысты жеткізген.

Айта кету керек, Зидан 2021 жылдан бері жұмыссыз отыр. Ол 2016-2018 және 2019-2021 жылдар аралығында мадридтік «Реалды» жаттықтырған. Осы уақытта «Реал» Ла Лиганы екі рет жеңіп, Испания Суперкубогін екі рет иемденді. Сондай-ақ, Еуропа Чемпиондары лигасының үш дүркін чемпионы болған.

Ал, Юрген Клопп болса «Ливерпульді» 2015 жылдан бері жаттықтырып келеді. 8 жылда ағылшын клубы АПЛ-ден бастап әлем чемпионатына дейін жеңімпаз атанған.

Жарнама
Жарнама