Қазақстанда ең жоғары жалақы алатын легионерлер есімі аталды

Редактор
31.01.2024, 23:18

Олардың бірі «Астанада», екіншісі «Ақтөбе» сапында ойнайды

Астана ФК

Белорусьтің Tribuna.com басылымы Қазақстан чемпионатында доп теуіп жүрген бірнеше футболшының табысы туралы мәліметті жариялады. 

Vesti.kz-тің жазуынша, елімізде ең жоғары айлық жалақы өткен маусымда «Астана» клубының жартылай қорғаушысы Макс Эбонгқа тиесілі болған. Оның айлық табысы 15-17 мың доллар шамасында болған көрінеді. Қазіргі уақытта ол «Астана» клубымен бірге оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Десе де, екеуара келісімшарттың созылғаны туралы ақпарат жоқ.

Эбонг «Астана» сапында 2020 жылдан бері ойнап келеді. Өткен маусымда ол 36 ойын өткізіп, үш рет нәтижесі пас беруімен ерекшеленді.

Камерундық қорғаушы Габи Кики кезінде Белорусьтің «Днепр», «Рух», «Динамо» клубтарында доп тепті. Кейін «Шерифке» ауысқан ол таяуда «Ақтөбемен» келісімшартқа отырған. Енді африкалық ойыншыға айына 20 мың АҚШ доллары көлемінде жалақы төленбек.