Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Ирак немесе Иранға кетеді деген Айымбетов Түркияда жүр

Редактор
Бүгін, 09:37

Қазіргі уақытта Ыстамбұлда дайындалып жүргенін мәлімдеді.

Фото: kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов әлі күнге клубсыз жүр. Ол жақында қайтадан жанкүйерлер назарына ілікті.

Футболшы өзінің инстаграм парақшасында жаттығу залындағы видеосын жариялап, қазіргі уақытта Ыстамбұлда дайындалып жүргенін мәлімдеді.

Айымбетов соңғы рет 2025 жылдың мамыр айында Түркияның «Адана Демирспор» клубы сапында алаңға шыққан болатын.

Былтырғы маусымда Айымбетов Түркия чемпионатында 28 матч өткізіп, 5 гол соқты. Алайда маусым соңында «Адана Демирспор» жоғары лигада қалу мүмкіндігінен айырылып, бірінші лигаға түсіп қалды.

Футболшы 1 шілдеде клубпен келісімшартты ресми түрде тоқтатты және содан бері жаңа команда тапқан жоқ. Қазір ол Ыстамбұлда жеке дайындық жүргізіп жатыр, бұл туралы спортшы инстаграм парақшасында жаттығу видеосын жариялау арқылы хабарлады.

Футболшының агенті Траян Гергишан клиентінің жағдайы туралы пікір білдірді:

«Абаттың жағдайы ерекше. Қазір бірнеше ұсыныс бар, бәрін мұқият қарастырып жатырмыз. Ең тиімді шешім қабылдағымыз келеді. Иә, біз жақында Түркия, Румыния, Иран және Парсы шығанағы елдерінің клубтарымен келіссөз жүргіздік», - деді ол.

Агенттің айтуынша, ойыншының жеке өмірінде де, денсаулығында да ешқандай мәселе жоқ.

«Оның отбасы немесе жеке өміріне қатысты қиындықтар жоқ. Қазір бәрі жақсы. Бізге тек нақты шешім қабылдау қалды. Абат бабында және жаттығуын жалғастырып жатыр», - деп толықтырды Гергишан.

Абат Айымбетов биыл Қазақстан ұлттық құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындарына шақырту алмады. Бұл шешім оның клубсыз жүруімен және ресми ойын тәжірибесінің азаюымен байланысты болуы мүмкін.

Transfermarkt порталы футболшының қазіргі нарықтық құнын 450 мың еуро деп бағалап отыр.

Айымбетовтің келесі маусымдағы мансабы туралы нақты ақпарат әзірге жоқ, алайда ол жақын арада жаңа клуб табуы мүмкін деген болжам бар.

 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: