Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Қайрат» соңғы жылдардағы команданың көшбасшысы болған футболшымен қоштасты

Редактор
Бүгін, 16:02

Клуб бүгін маңызды ойын алдында футболшымен қоштасатынын жариялады

"Қайрат" клубының баспасөз қызметі

Алматының «Қайрат» футбол клубы Премьер-лиганың 26-туры аясындағы «Астанаға» қарсы матчтың алдында өзінің ұзақ жылғы көшбасшысы, бразилиялық шабуылшы Жоао Паулоның командадан кететінін ресми түрде хабарлады.

37 жастағы Жоао Пауло алматылық клуб сапында барлығы 112 матч өткізіп, 47 гол соққан. Ол үш рет Премьер-лиганың үздік сұрмергені атанды.
Бразилиялық футболшы «Қайратпен» бірге Қазақстан чемпионатын, сондай-ақ ел Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алған.

Биылғы маусымның басында Пауло аса ауыр жарақат алып, маусымда ойнай алмады. Осы себепті ол бірде-бір ресми матчқа қатыспаған.

Клуб бүгін маңызды ойын алдында футболшымен қоштасатынын жариялады.

Жоао Пауло бұған дейін шымкенттік «Ордабасы» клубының да намысын қорғаған. Ол Қазақстан чемпионатында ойнаған ең тұрақты және ең нәтижелі легионерлердің бірі саналады.

Алматылық жанкүйерлер футболшыға жылы лебіздерін білдіріп, оның «Қайрат» тарихында айрықша із қалдырғанын атап өтті.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: