Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Ювентус» бас бапкерін қуып жіберді

Редактор
27.10.2025, 20:53

Тудормен бірге оның жаттықтырушылар штабы түгелдей жұмыстан кеткен

Reuters

Туриннің «Ювентус» клубының басшылығы соңғы сәтсіз нәтижелерге байланысты бас бапкер Игор Тудорды қызметінен босатқанын хабарлады.

Клубтың ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, уақытша бас бапкер қызметін Массимо Брамбилла атқаратын болды.

Тудормен бірге оның жаттықтырушылар штабы түгелдей жұмыстан кеткені айтылды.

47 жастағы хорват маман Игор Тудор «Ювентустың» тізгінін 2025 жылдың 23 наурызында алған еді. 13 маусымда клуб хорват бапкерімен келісімшартты 2027 жылдың маусым айының соңына дейін ұзартқан болатын, әрі тағы бір маусымға созу мүмкіндігі де қарастырылған еді.

Алайда биылғы маусымда «Ювентус» сегіз турдан кейін небәрі 12 ұпай жинап, сегізінші орынға тұрақтады. Келесі турда туриндік команда өз алаңында «Удинеземен» кездеседі. Ал Италия чемпионатында көш бастап тұрған команда – «Наполи» (18 ұпай).

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: