Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Де Брёйне Қазақстанға келмейтін болды

Редактор
27.10.2025, 21:09

Бельгиялық футболшы 2025 жылдың соңына дейін алаңға шықпайды

Getty images

«Наполи» клубының жартылай қорғаушысы Кевин Де Брёйне жамбас бұлшықетін жарақаттап алды.

Сенбі күні өткен Серия А ойынында «Наполи» өз алаңында «Интерді» 3:1 есебімен жеңді. Де Брёйне пенальти орындау кезінде жарақат алып, бірінші таймда-ақ алаңнан кетуге мәжбүр болды.

Gazzetta dello Sport басылымының мәліметінше, бельгиялық футболшы 2025 жылдың соңына дейін алаңға шықпайды. Осылайша, ол 15 қарашада әлем чемпионатына іріктеу аясында Бельгияның Қазақстан құрамасымен өтетін ойынына қатыспайды.

Биылғы маусымда Де Брёйне «Наполи» сапында 11 матчқа қатысып, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама