Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Ғалымжан Кенжебек Түркия клубына ауысуы мүмкін

Редактор
28.10.2025, 16:28

Ол Словакияның «Кошице» клубынан Семейдің «Елімайына» ауысқан болатын

ҚФФ

22 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебекке Түркия Суперлигасының бірнеше клубы назар аударып отыр.

«Түркия клубтары қазақстандық жас таланттарға қызығушылық таныта бастады. Жас жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек Суперлигадағы екі команданың трансферлік тізіміне енген. Бұл – қазақстандық жаңа буын футболшыларының жоғары деңгейге дайын екенін көрсетеді», – деп атап өтеді AS басылымы.

Сондай-ақ материалда, Қазақстан қазіргі футбол жүйесін сақтап, оны дамытуын жалғастырса, Орталық Азиядағы футбол державасына айналуы мүмкін екені айтылған.

Ғалымжан Кенжебек 2024 жылдың шілдесінде Словакияның «Кошице» клубынан Семейдің «Елімайына» ауысқан болатын. Содан бері ол ҚПЛ-де 11 матч өткізіп, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.

Ұлттық құрама сапында да Кенжебек өз шеберлігін дәлелдеді: 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Лихтенштейнге қарсы ойында (4:0) ол екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама