Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Ламин Ямальдың әкесі «Барселона» ойыншылары арасында дау тудырды

Редактор
28.10.2025, 20:20

«Барселона» басшылығы Ямальдан әкесінің көпшілік алдында артық сөйлемеуін сұраған

әлеуметтік желі

Испаниялық вингер Ламин Ямальдың әкесі «Барселона» клубында ойыншылар арасындағы кикілжіңге себеп болып отыр.

Don Balon басылымының дерегінше, Мадридтің «Реалы» мен «Барселона» арасындағы соңғы Эль-Класико матчынан кейін испаниялық БАҚ назары тағы да Ямальдың отбасына ауды. Журналистердің мәліметінше, бұл жолы шабуылшының әкесі Муннир Насрауи назарға іліккен. Оның әрекеттері мен мәлімдемелері команда ішінде наразылық тудырып жатыр.

Матч басталар алдында Насрауи Instagram парақшасында тікелей эфир өткізіп, «Реалды» келеке еткен еді. Алайда «Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен ойында Ямаль өз деңгейінде өнер көрсете алмады, сондықтан әкесінің мінез-құлқы мен сөздері жанкүйерлер мен клуб өкілдеріне де ұнамаған.

Don Balon-ның хабарлауынша, бұл бірінші рет емес. «Барселона» басшылығы мен бапкерлер штабы бұған дейін де бірнеше рет Ямальдан әкесінің көпшілік алдында артық сөйлемеуін сұраған. Себебі оның даулы мәлімдемелері клубтың беделіне кері әсерін тигізуі мүмкін.

Естеріңізде болса, Муннир Насрауи «Алтын доп» марапатын табыстау рәсімінде де көпшіліктің назарын өзіне аударған болатын.

«Команданың кейбір ойыншылары мен клуб өкілдері Ямальдың әкесінің шамадан тыс белсенділігіне наразы. Олар бұл жағдай командаға спорттық тұрғыдан кері әсерін тигізіп, назарды алаңнан басқа жаққа бұрып жатыр деп есептейді», – деп жазады испаниялық БАҚ.

Сол дереккөздердің мәліметінше, «Барселона» басшылығы ойыншының әкесінің мінез-құлқы ішкі жанжал тудыруы мүмкін екенін жақсы түсінеді. Алайда әзірге клуб тарапынан бұл жағдайды шешу үшін нақты шаралар қабылданған жоқ.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама