Жарнама
Жарнама

«Месси мен Роналду секілдіміз»: Өзбек бапкері қазақ боксының жетістігін мойындады

Редактор
02.11.2025, 13:15

Рахматжон Рузияхунов ұлттық құраманың артықшылығын алға тартты

Евгений Сорочин / «Газета.uz»

Өзбекстан ұлттық құрамасының аға бапкері Рахматжон Рузияхунов World Boxing әлем чемпионатында Қазақстан құрамасымен бәсекелестік туралы айтты.

ZBS Podcast YouTube-арнасында Рахматжон Рузияхунов ұлттық құраманың артықшылығын алға тартты.

«Олардың бокстағы мектебі өте мықты. Қазақ боксы әрдайым жоғары деңгейде. Мен әрқашан айтып келемін – біз Месси мен Роналду секілдіміз: әрдайым бір-бірімізбен бақталастамыз. Мұндай көрші елдердің болғаны – үлкен мүмкіндік. Біз олардан үйренеміз, олар бізден үйренеді. Сол еңбектің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп жүрміз», – деді Рузияхунов.

Айта кететін жайт, әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте көш бастап, 7 алтын медаль иеленген еді. Ал Өзбекстан боксшылары 6 алтын медаль иеленіп,  жалпы есепте 2-орынға жайғасқан еді.

Реклама
Реклама

Материалда: