Жарнама
Жарнама

«Өте сауатты»: Қазақстан құрамасына еуропалық маман келуі мүмкін

Редактор
02.11.2025, 17:00

53 жастағы Михал Пробеж - Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне үміткерлердің бірі

Reuters

«Астана-1964» клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы әрі агент Павел Хайдучек Қазақстан құрамасына келуі мүмкін деген польшалық бапкер Михал Пробежге қатысты пікір білдірді.

«Пробеждің мансабын мұқият бақылап жүрмін. Ол Польша клубтарын жаңа деңгейге көтеріп, өз ісіне жүз пайыз беріліп жұмыс істейтін маман. Оның жаттықтырушылар штабы да мықты, сондықтан оның Қазақстан құрамасына пайдасы тиетініне сенімдімін.

Оның қол астында команда әдемі ойын өрнегін көрсетеді, мінез танытады және әр ұпай үшін соңына дейін күреседі», - деді Хайдучек ASnews.kz-ке берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол футболшылардың өз-өзіне сенімділігін де арттыра алатынына сенімді.

«Михал шектеулі ресурспен жұмыс істей ала ма? Иә. Ол әр ойыншының жеке дамуына мән беретін әрі оларды соңына дейін сенімді ойнауға үйрететін маман. Сонымен қатар ол тактикалық тұрғыдан өте сауатты. Сондықтан Пробеждің кандидатурасын қарастыруға әбден болады деп есептеймін», - деп қосты ол.

Айта кетсек, 53 жастағы Михал Пробеж - Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне үміткерлердің бірі. Бұған дейін ол Польша ұлттық құрамасын басқарған, бірақ Роберт Левандовскимен болған жанжалдан кейін қызметінен кеткен.

Пробеж сонымен қатар Польшаның «Брук-Бет Термалика», «Краковия», «Ягеллония», «Лехия» (Гданьск) және «Висла» (Краков) клубтарын, сондай-ақ Грекияның «Арис» командасын жаттықтырған.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасын Талғат Байсуфинов уақытша басқарып отыр. Оның шәкірттері қараша айында екі ойын өткізеді:

15 қарашада – өз алаңында Бельгиямен (ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі),

18 қарашада – сырт алаңда Фарер аралдары құрамасымен жолдастық матч.

Реклама
Реклама