Жарнама
Жарнама

Қазақстан футзал құрамасының тізгінін қайтадан Какау ұстауы мүмкін

Редактор
10.11.2025, 17:47

Жуырда ғана ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен басқа бір бразилиялық маман – Рикардо Кака кеткен еді.

әлеуметтік желі

Бразилиялық маман Пауло Рикардо Камара Собрал, көпшілікке Какау атымен белгілі жаттықтырушы, Қазақстан футзал құрамасына қайта оралуы мүмкін. Бұл туралы Sports.kz Futsal legends Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жуырда ғана ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен басқа бір бразилиялық маман – Рикардо Кака кеткен еді.

Дереккөздің мәліметінше, Какаудың Қазақстанға қайта келу туралы ұсынысы бар және ол оны қабылдауға қарсы емес.

Какау 2013-2018 жылдар аралығында Қазақстан құрамасын жаттықтырған. Оның басшылығымен құрама 2016 жылы өз тарихында алғаш рет Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанған.

54 жастағы маманның соңғы қызметі – БАӘ футзал құрамасының бас бапкері. Бұған дейін ол Ирак пен Кувейт құрамаларын, сондай-ақ Румынияның «Аутобергамо Дева» және «Юнайтед Галати» клубтарын жаттықтырған.

Реклама
Реклама

Материалда: