Жарнама
Жарнама

Күтпеген жаңалық. Бельгия Қазақстанға жұлдыздарын әкелмейтін болды

Редактор
10.11.2025, 19:42

Бельгия сапындағы қиындықтар мұнымен шектелмейді

Фото: Getty Images

Қазақстан – Бельгия арасындағы 15 қарашада Астанада өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчы алдында Еуропаның алып құрамасы бірқатар маңызды ойыншыларынан айырылып қалды. Төрт бірдей жұлдыз саптан шығып, кейбірі жарақат алып, енді бірі жаза салдарынан кездесуіне қатыса алмайды.

Тибо Куртуа жарақат алды

Мадридтік «Реал» қақпашысы Тибо Куртуа кезекті жарақатқа тап болды. «Райо Вальеканомға» қарсы кездесуді жарақатпен аяқтаған бельгиялық қақпашы тексерістен кейін оң аяғында бұлшық етінің жарақаты бар екені анықталды.


Испаниялық журналист Родраның мәліметінше, Куртуа Бельгия құрамасына қосыла алмайды және Қазақстан (15 қараша) мен Лихтенштейнге (18 қараша) қарсы матчтарға келмейді.

Айта кетейік, бұл Куртуа үшін биылғы екінші Қазақстан сапары болуы мүмкін еді. Қыркүйекте ол «Реал» сапында Алматыда «Кайратқа» қарсы ойнап, 5:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Кевин де Брюйне де қатардан тыс қалды

Тағы бір үлкен соққы – Бельгия құрамасының жетекші жартылай қорғаушысы, «Наполи» ойыншысы Кевин де Брюйне жарақат алып, Қазақстанға келмейді. 34 жастағы футболшы «Интерге» қарсы ойында пенальти соққан соң бар күшті сезініп, матчты жалғастыра алмады. «Наполи» оның жарақатын растағанымен, алаңға оралу мерзімін нақтыламады. Итальялық БАҚ оның қалпына келуі төрт айға созылуы мүмкін екенін жазуда.

Осылайша, 15 қарашада Астанада өтетін маңызды матчқа бельгиялықтардың көшбасшысы келмейтін болды.

Бельгия құрамасындағы Қазақстанға келмейтін басқа да жұлдыздар:

Бельгия сапындағы қиындықтар мұнымен шектелмейді:

  • Ромелу Лукаку – жарақат
  • Кевин де Брюйне – жарақат
  • Зено Дебаст («Спортинг») – жарақат
  • Йохан Бакайоко («РБ Лейпциг») – бас бапкер Руди Гарсия шақырмаған
  • Тома Мёнье («Лилль») – шақыртылғанымен, Астанада алаңға шықпайды (сары қағаздар лимиті).
Реклама
Реклама