Жарнама
Жарнама

Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Бельгиямен өтетін ойынға қатысты пікір білдірді

Редактор
11.11.2025, 22:47

Кездесу 15 қараша күні «Астана Аренада» өтеді

ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайрат» футбол клубының бұрынғы бас бапкері Вахид Масудов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өтетін Қазақстан – Бельгия матчына қатысты пікір білдірді.

«Байсуфинов келгелі Қазақстан құрамасының ойыны шынымен түрленіп шыға келді, маған ұнап жүр. Команда өтпелі кезеңдерде де, шабуыл мен қорғаныс ұйымдастыруда да жылдам қимылдайды. Осы маңызды ұпайларды еншілеуіміз де бекер емес (құрама Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңді және Солтүстік Македониямен 1:1 есебімен тең түсті).

Бұл нәтижелердің мәні зор, себебі жанкүйерлер құрамаға қайта сенім арта бастады, бұған дейінгі бапкердің кезінде мұндай болған жоқ. Ал қарсыласқа келсек, Бельгия ең жоғары деңгейдегі команда екені анық. Бірақ мен біздің жігіттер өз күшіне сеніп, мінез танытса екен деймін.

Иә, бельгиялықтардың қатарында қазір Кевин Де Брёйне жоқ – ол шабуыл мен пас беруде шешуші рөл атқаратын негізгі ойыншы. Бұл біз үшін тиімді», – деді Масудов.

Айта кетейік, Қазақстан мен Бельгия арасындағы алғашқы кездесу 0:6 есебімен аяқталған болатын. Осы матчтан кейін ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиев отставкаға кетіп, команда жаңа тәсіл мен жаңарған стратегия бойынша дайындықты жалғастыруда.

Бұл кездесу 15 қараша күні «Астана Аренада» өтеді.

Реклама
Реклама