Жарнама
Жарнама

Самат Смақов биылғы «провал» үшін жауап берді

Редактор
12.11.2025, 08:57

Әлбетте, өзімнің жұмысыма қанағаттанбаймын

Әлеуметтік желі

Талдықорғанның «Жетісу» клубының бас бапкері және Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов өткен маусымдағы команданың ҚПЛ-дегі нәтижелеріне қатысты пікір білдірді.

Смақов маусым қорытындысына риза емес екенін жасырмады:

«Әлбетте, өзімнің жұмысыма қанағаттанбаймын. Дегенмен, бұл менің – Қазақстан Премьер-лигасындағы командаға бас бапкер ретінде келген алғашқы тәжірибем. Бірақ бұл сылтау бола алмайды. Біз жақсырақ ойнай алатын едік. «Жетісуға»  жиналған жігіттердің әлеуетін көріп отырмын. Осы жолы чемпионаттағы ең жас командалардың біріміз. ҚПЛ-де ойнаған тәжірибелі үш-төрт футболшы ғана болды, қалғандары түгелдей Бірінші лига ойыншылары», – деді ол Sports24.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Бапкер маусым барысында команда бірқатар жақсы матч көрсеткенін айтқанымен, тұрақтылықтың жетіспегенін атап өтті:

«Жекелеген сәтті ойындар болды. Сәттіліктің арқасында екі-үш ойынды жеңе аласың. Алайда маусымда жоғары нәтиже көрсету үшін шеберлік маңызды. Ол болмаса, өте қиын. Менің ойымша, біз турнир кестесінде жоғары орынға иелік ете алатын едік. Чемпионатты сегізінші-тоғызыншы орында аяқтау әбден мүмкін болатын», – деді Смақов.

Еске салайық, Самат Смақовтың жетекшілігімен «Жетісу» Қазақстан Премьер-лигасының 2025 жылғы маусымын 12-орында аяқтады.

Реклама
Реклама