Абат Айымбетов Түркия Суперлигасына ауысты

Редактор
01.02.2024, 23:49

Қазақстан футболшылары Түркияда легионер болып саналмайды

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан құрамасы мен «Астана» футбол клубының шабуылшысы Абат Айымбетов Түркия Суперлигасында өнер көрсететін «Адана Демирспор» клубына ауысты. Әлеуметтік желіде қос тараптың келесімге қол қойған фотосы жарияланған.

Айта кетейік, бұған дейін түрік журналисі Салим Манава өзінің Twitter-парақшасында клуб пен футболшы өзара келісімге келгені, жақын уақытта Абатпен бірге тағы екі футболшымен контракт жасалатынын жазған болатын. 

Ескеретін жайт, Қазақстан футболшылары Түркияда легионер болып саналмайды.

Ал, «Адана Демирспор» турнир кестесінің сегізінші сатысында келеді. Клуб 23 матчта 31 ұпай жинаған.