Роналдудың командасы Мессидің клубын ойсырата жеңді (ВИДЕО)

Редактор
02.02.2024, 02:14

Португалиялық шабуылшының өзі алаңға шықпады

Чемпионат

Сауд Арабиясында жергілікті «Әл-Наср» мен америкалық «Интер Майами» клубтарының арасында жолдастық кездесу өтті. Айта кетейік, араб клубында португалиялық даңқты шабуылшы Криштиану Роналду доп тепсе, қарсылас команданың басты жұлдызы – Лионель Месси.

Десе де, қос ойыншы да негізгі құрамда алаңға шыққан жоқ. Бірінші таймда «Әл-Наср» қарсыластың қақпасына жауапсыз үш гол соқса, екінші таймда тағы үш гол соғып, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Гол авторлары: Отавио (3-минутта), Талиска (10, 51, 73), Лапорт (12), Маран (68).

«Интер Майами» ойсырай жеңіліп жатқандықтан команда бапкері алаңға 83-минутта Мессиді шығарған. Дегенмен, аргентиналық шабуылшы қалған он минутта ойын барысын өзгерте алған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін саудиялық клуб басшылары Роналдудың аталған матчқа қатыспайтынын хабарлаған болатын. 38 жастағы шабуылшы сіңірін созып алған.