Жарнама
Жарнама

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері өмірден өтті

Редактор
Бүгін, 18:47

Оның ішінде «Шахтёр», «Ертіс», «Жетісу» клубтарында бапкерлік және басқарушылық қызмет атқарды.

ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын 1995-1997 жылдары басқарған белгілі маман, ел спортының құрметті қайраткері Серік Сәрсембайұлы Бердалин 79 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.

Серік Бердалин кәсіби ойыншы ретінде Қарағандының «Шахтёр» және «Металлург/Строитель» командаларында өнер көрсетті. Футболдық карьерасын аяқтағаннан кейін ол бапкерлік жолға түсіп, Қазақстанның бірнеше клубында еңбек етті.

Оның ішінде «Шахтёр», «Ертіс», «Жетісу» клубтарында бапкерлік және басқарушылық қызмет атқарды.

Бердалиннің жетекшілігімен «Шахтёр» – 1995 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, «Ертіс» – 1998 жылғы чемпионаттың қола жүлдегері атанды.

Сонымен бірге ол 1995-1997 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарды.

2003-2008 жылдары Қазақстанның Туризм және спорт агенттігінде футбол бойынша мемлекеттік жаттықтырушы болды.

Серік Сәрсембайұлы – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт қайраткері, 1995 жылғы жылдың үздік футбол жаттықтырушысы атағының иегері.

Реклама
Реклама

Материалда: