Жарнама
Жарнама

Ағылшындар Дастан Сәтпаевтың голы туралы жазды

Редактор
Бүгін, 09:29

Сәтпаев Бельгия қақпасына ұлттық құрамадағы алғашқы голын соқты

championat.com

Англияның «Sports Illustrated FC» футбол парақшасы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың дебюттік голына арналған жазба жариялады.

15 қараша күні Астанада өткен 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчының 9-минутында Сәтпаев Бельгия қақпасына ұлттық құрамадағы алғашқы голын соқты. Кездесу сенсациялық есеппен аяқталды – 1:1.

«17 жастағы Дастан Сәтпаев Қазақстан сапында Бельгия қақпасына гол соқты - бұл оның ұлттық құрамадағы алғашқы голы. Қазақ вундеркинді 2026 жылдың тамызында «Челсиге» қосылады», - деп жазды ағылшын парақшасы.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың 10 ақпанында алматылық «Қайрат» Лондонның «Челси» клубымен Дастан Сәтпаевтың трансфері бойынша келісімге келгенін жариялаған болатын. Футболшы 2026 жылы - кәмелет жасына толғаннан кейін ресми түрде ағылшын клубының қатарына қосылады.

Реклама
Реклама