Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Антирекорд: «Барыс» қатарынан 11-ойынын жеңілді

Редактор
13.02.2024, 22:41

Екі команда да ҚХЛ-дің аутсайдерлері

Барыс ХК

Астананың «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасында кезекті рет жеңілді. Бұл жолы Олег Болякин шәкірттері Владивосток қаласына барып, жергілікті «Адмиралмен» ойнаған болатын.

Айта кету керек, қос команда да Шығыс дивизионының аутсайдерлері. «Барыс» турнир кестесінің ең соңғы 12-ші сатысында тұрса, «Адмирал» одан бір саты жоғары жайғасқан.

Матчтың бірінші кезеңінде айдын иелері бір шайбамен көзге түскен. Екінші кезеңде «Барыс» екі гол, «Адмирал» бір гол соғып, үзіліске 2:2 есебімен тарқасты. Ал, шешуші кезеңде ресейлік команда астаналықтар қақпасына жауапсыз екі шайба соғып, нәтижесінде 4:2 есебімен жеңіске жетті.

14 ақпанда командалар өзара тағы бір ойын өткізеді.

Айта кету керек, «Барыс» осымен қатарынан 11-ші рет жеңіліп отыр. Мұндай антирекорд командада ҚХЛ-де өнер көрсеткенде болған емес.

Жарнама
Жарнама

Материалда: