Жарнама
Жарнама

Қазақстандық хоккейші мансабын Канадада жалғастырады

Редактор
Бүгін, 11:37

Теміртау хоккей мектебінің түлегі Канаданың жасөспірімдер хоккей лигаларының бірінде бақ сынайды

Әлеуметтік желі

19 жастағы қазақстандық хоккейші Мирас Серікболатов мансабын Канаданың «Васага Ривер Дрэгонс» клубында жалғастырады. Бұл туралы Shaiba.kz хабарлады.

Теміртау хоккей мектебінің түлегі өнер көрсететін жаңа команда Канаданың жасөспірімдер хоккей лигаларының бірінде бақ сынайды.

Өткен маусымды Серікболатов Қазақстан жастар чемпионатындағы «Құлагер» жастар командасында бастаған. Ол тұрақты чемпионаттың 18 матчында 10 ұпай (5 гол және 5 нәтижелі пас) жинады.

Кейін қорғаушы «Сұңқар» сапына ауысып, тұрақты чемпионаттағы 30 кездесуде 25 ұпайға (9 гол, 16 нәтижелі пас) қол жеткізді. Ал плей-офф кезеңіндегі үш матчта бір нәтижелі пастың авторы атанды.

Реклама
Реклама

Материалда: