Жарнама
Жарнама

«Барыс» ҚХЛ-дің жаңа маусымын ірі жеңіспен бастады

Редактор
Бүгін, 00:08

Келесі ойынды астаналық ұжым тағы да өз айдынында өткізеді. Бұл жолғы қарсылас – «Салават Юлаев».

Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымын астаналық «Барыс» сәтті бастады. Өз алаңында «Сибирь» клубын қабылдаған елордалықтар 7:1 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның бірінші кезеңінде небәрі бір шайба соғылды. «Барыс» сапынан Всеволод Логвин көзге түсті.

Ал, екінші период астаналық клуб үшін нәтижелі болды. Айдын иелері «Сибирь» қақпасына бес гол соғып, жанкүйерлерін қуаныш сыйлады. Алдымен Дінмұхамед Қайыржан көзге түссе, артынша Джастин Бэйли екі шайба, Семен Симонов пен Чейз Эванс Приски бір-бір шайбамен қанжығасын майлады.

Үшінші кезеңде «Барыс» ойыншысы Пиллон Гаррет таблодағы көрсеткішті 7:0-ге жеткізген. Матч бітуге алты минуттай уақыт қалғанда ресейліктер сапынан Даниил Валитов бір гол соғып, матчтағы соңғы нүктені қойды.

Келесі ойынды астаналық ұжым тағы да өз айдынында өткізеді. Бұл жолғы қарсылас – «Салават Юлаев» (Уфа).

Реклама
Реклама

Материалда: