«Барыстың» жағдайы қиын: клубтың тағы бір хоккейшісі жарақат алды

Редактор
29.10.2023, 12:20

Астаналық команда турнир кестесінің соңында келеді

hcbarys.kz

Соңғы екі матчта жеңіліп қалған астаналық «Барыс» ХК бүгін өз алаңында Нижний Новогород қаласының «Торпедо» клубымен кездеседі.

Бұл матчқа «Барыстың» ең үздік сұрмергені Райли Барбер жарақатына байланысты қатыса алмайды. Бұл туралы астаналық клубтың ресми сайтында жазылған.

Барберден бөлек Алекс Грант, Самат Данияр және Роман Старченко да  айдынға шықпайды. Олар да жарақат алып, соңғы бірнеше ойынды өткізіп алды.

Айта кетейік, «Торпедо» 23 матчтан кейін 30 ұпаймен төртінші орында тұр. Ал, «Барыс» 24 ойыннан кейін небәрі 21 ұпай жинап, турнир кестесінің 11-сатысына жайғасқан.

Материалда: