Астаналық команда небәрі 9 ұпаймен турнир кестесінің тоғызыншы сатысында тұр
Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін астаналық «Барыс» командасы осымен оныншы рет жеңілді. Бүгін сырт алаңда Минсктің «Динамосымен» кездескен жерлестеріміз 3:0 есебімен тізе бүкті.
Бірінші кезеңнің төртінші минутында алаң иелері есеп ашты. Гол авторы – Виталий Пинчук. Екінші кезеңде «Динамо» сапынан Роман Горбунов есепті еселесе, 42-минутта Андрей Стась есепті 3:0-ге жеткізді.
Осылайша Андрей Скабелканың шәкірттері 13 ойынның тек үшеуінде ғана жеңіске жетіп, онында жеңілді.
Енді «Барыс» 4 қазанда сырт алаңда Мәскеудің ЦСКА командасымен ойын өткізеді.