«Тегін ауыстыру оңай емес»: Қуандық Бишімбаевтың ұлы хоккейден маусымның ең үздік қақпашысы атанды

Редактор
12.04.2024, 17:54

Ол «Барыс» қақпасын күзетеді

Барыс ХК

2011 жылы туған хоккейшілер арасында Қазақстан біріншілігінің төртінші туры аяқталып, командалар маусымды қорытындылады. Бірде-бір ойында жеңілмеген «Барыстың» жасөспірім ойыншылары топ бастап келеді деп хабарлады 1bol.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павел Филипенко мен Юрий Сидоренко жетекшілік ететін команда маусым бойы бірде-бір ойында ұтылмаған. Олар 72 ұпай жинап, үздік шықты. Екінші орынды Өскеменнің «Торпедо» (53 ұпай) клубы иеленді. Жүлдегерлер үштігін «Астана» (49 ұпай) түйіндеді.

«Барыстың» бірден үш ойыншысы маусым қорытындысы бойынша жеке сыйлықтарға ие болды. Атап айтқанда, Кәрім Бишімбаев үздік қақпашы атанса, Мәди Мұрат үздік қорғаушы деп танылды, ал Максим Самойлюк чемпионаттың үздік бомбардирі болды.

Айта кетейік, Кәрім Бишімбаев – сотталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұлы. Оның анасы Назым Қаһарман да ұлының осынау жетістігі жайлы өзінің Instagram-парақшасында жазып, ажырасқан күйеуінің тегін оңайлықпен ауыстыра алмайтынын мәлімдеді.