«Торпедо» хоккейшісі «Барыс» қақпашысын мазақ қылып гол соқты (ВИДЕО)

Редактор
21.11.2023, 13:26

«Барыс» осымен үшінші матч қатарынан жеңілді

sports.ru

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры аясында астаналық «Барыс» сырт айдында Нижний Новгород қаласының «Торпедо» клубымен кездесіп, кезекті рет жеңіліп қалды, есеп 4:2 – ресейлік команданың пайдасында.

Ойынның бірінші кезеңі тартысты өтті. Тоқтаусыз шабуылдардың нәтижесінде қос команда да бір-бір шайбадан соғып, үзіліске кеткен.

Екінші кезеңде «Торпедо» хоккейшілері «Барыстың» қақпасына жауапсыз үш гол соғып, матч тағдырын шешіп тастады. Осы голдардың бірін нвогородтық жас хоккейші Василий Атанасов соғып, жанкүйерлерін тәнті етті, ал қарсыластың қақпашысын мазақ қылды деуге болады. Оның өте ыңғайсыз бұрыштан дәлдеп соққан шайбасы «Барыс» қақпашысының басына тиіп қақпаға кірді.

Астаналық команда үшінші кезеңде бір шайбамен көзге түсті. Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттерінің одан әріге қауқары да жеткен жоқ. Бұл «Барыстың» ҚХЛ-дегі қатарынан үшінші жеңілісі.

Материалда: