Талғат Жайлауов «Барыс» бапкері атанды

Редактор
10.07.2024, 17:02

Бас бапкер қызметіне Дэвид Немировски тағайындалған болатын

hcbarys.kz

Астананың «Барыс» хоккей клубы команданың жаңа бапкерлік штабын таныстырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұған дейін бас бапкер қызметіне Дэвид Немировски тағайындалған болатын. Оның штабына мына мамандар енді: Евгений Королёв және Талгғат Жайлауов.

Бұл екеуінің есімдері де астаналық жанкүйерлерге жақсы таныс. Бұлардан бөлек Немировскимен «Сибирь» клубында бірге жұмыс істеген Макс Маркович және хоккейшілердің физикалық даярлығына жауап беретін Стив МакГичи енген.