ҚХЛ-да соңғы орында салпақтаған «Барыс» жаңа қақпашыға 160 млн теңге жалақы төлемек

Редактор
12.07.2024, 15:42

Маттсонмен 2024/25 жылғы маусым соңына дейін келісім болған

© КХЛ / Басанаев Антон

Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын Астананың «Барыс» клубы швециялық голкипер Юхан Маттссонмен келісімшартқа отырды. Metaratings.ru бір жылдық келісімшарт үшін «Барыс» қақпашыға 30 миллион рубль (160 миллион теңге) төлейді деп отыр.

Бүгін Қазақстан клубының баспасөз қызметі Маттсонмен 2024/25 жылғы маусым соңына дейін келісім болғанын жазған. 

32 жастағы қақпашы бұған дейін 2022/23 жылғы маусымда СКА клубында ойнаған. Сол кезде 5 матчта жеңіске жетіп, 91/8 пайыз соққы қайтарған. Сенімділік коэффиценті -2,4. Оның алдында «Динамо» Рига сапында және Екатеринбургтың «Автомобилист» командаларында өнер көрсеткен.

Швецияның жастар құрамасымен 2012 жылы әлем чемпионы атанған.

Айта кетейік, «Барыс» былтырғы маусымда Шығыс Конференциясында соңғы орын алып, плей-оффтан тыс қалған. Елорда ұжымы 68 матчта 50 ұпай ғана жинады.

Материалда: