«Барыс» ҚХЛ басталғалы қатарынан үшінші матчта жеңілді

Редактор
10.09.2024, 09:26

Барлық үш ойында астаналық команданың қақпасына 11 шайба кірген

Барыс ХК

Былтыр Құрлықтық хоккей лигасын ең соңғы орынмен аяқтаған Астананың «Барысы» биыл да сол орыннан жоғары көтерілмейтін сияқты. Жаңа маусым басталғалы елордалық команда жеңілістен көз ашпай келеді.

ҚХЛ-дің үшінші турында Немировский шәкірттері «Амурмен» өз айдынында кездесіп, ойсырай жеңілді, есеп – 1:5.

Бірінші кезеңде Никита Бояркин күзеткен қақпаға жауапсыз екі шайба кірген. Екінші кезеңде де дәл осы жағдай қайталанды. Ойынның соңғы үшінші бөлігінде командалар бір-бір голмен алмасты.

Бұған дейін «Барыс» «Трактордан» 1:4 есебімен ойсырай жеңілсе, бірінші матчта «Нефтехимиктен» овертаймда ұтылды.

13 қыркүйекте астаналық клуб өз айдынында Минкстің «Динамосын қабылдайды.

Материалда: