Жаңа маусым, ескі әдет. «Барыс» Астанада әлсіз қарсыласынан ұтылды

Редактор
05.09.2024, 09:05

Былтыр астаналық команда ҚХЛ-де ең соңғы орын иеленген еді

Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы басталды. Астананың «Барыс» клубы  алғашқы ойында өз айдынында жеңілді.

Матчтың негізі уақыты тең аяқталды. есеп екінші кезеңде ашылды. Уэйд Эллисон 36-минутта «Барысты» алға шығарған. Бірақ Владимир Брюквин 49-минутта таразы басын теңестірді.

Жеңімпаз овертаймда анықталды. Қосымша уақытта «Нефтехимик» ойыншысы мергендік танытты.

Былтырғы маусымда ҚХЛ-дың Шығыс Конференциясында соңғы орын алған «Барыс» биыл да қатырмайтын сияқты. «Нефтехимик» секілді ортаңқол командадан өз айдынында жеңіліп отыр деп наразылық білдіріп жатыр жанкүйерлер әлеуметтік желіде.

Енді астаналық ұжым 6 қыркүйекте «Трактор» (Челябі), 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубымен кездеседі.

Материалда: