«Барыс» легионерлерді кетіргенімен қалталарына 265 миллион теңге салып берді

Редактор
19.10.2024, 01:45

Бұл қаражаттың бәрі шетел асады

Барыс ХК

«Барыс» хоккей клубында жаңа басшылық келіп, легионерлермен қоштасу басталды. Бірақ, бәрі жанкүйерлер ойлағандай оңай болып жатқан жоқ. Келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғаны клуб қожайындары аса ірі көлемде үшін өтемақы төлеп жатыр.

«Трансферы КХЛ» Telegram-каналының жазуынша, үш шетелдік ойыншымен келісімшартты бұзғаны үшін клубтың бір жылдық бюджетіне тең қаражат төленген. 

Атап айтқанда, шабуылшы Майкл Маклауд 92,5 миллион теңге, қорғаушы Уил Бутчер 107 миллион теңге, ал Натан Болье 65 миллион теңге өтемақы алған.

Осылайша, астаналық клуб шамамен 265 миллион теңге жұмсаған.

Еске салсақ, биылғы маусымда ҚХЛ-да «Барыс» Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде соңғы 12-сатысында тұр, 16 матчтан кейін бар болғаны жеті ұпай жинаған.

Бұған дейін біз Майкл Маклаудтың «Барыс» сапында 332 миллион теңге жалақы алғанын жазған едік.

Материалда: