«Барысты» қазақыландыру популизм емес пе? Ресейліктер бізді неге менсінбейді? Мамин жауап берсін!

17.12.2024, 16:57

«Бірінші бол» YouTube-каналы Қазақстан хоккейіндегі сәтсіздіктер мен реформалар туралы талдап көрді

коллаж: 1bol.kz

Қазақстан хоккейі медиада көп талқыланбағанымен, бюджеті ең қомақты федерациялардың бірі. Ал, бұл федерацияны кезінде ұзақ жыл билікте болған Асқар Мамин басқарады. «Бірінші бол» YouTube-каналындағы кезкекті шығарылымда белгілі комментатор Жігер Әзберген және кәсіби хоккейші – балалар бапкері Шыңғыс Әбіл қазақ хоккейінің болашағы және «Барыс» клубының сәтсіздіктері туралы ойын ортаға салды.

Астананың «Барысы» ҚХЛ-де осымен үшінші маусым қатарынан сәтсіз өнер көрсетіп келеді. Ал, екі айдай бұрын клуб басшылығы ауысып, командадағы легионерлердің көбімен келісімшарт үзілді. Қазір «Барыс» сапында қазақтың 10 хоккейшісі ойнап жүр. Бұрын-соңды клубта осыншама қазақ өнер көрсетпеген дейді Жігер Әзберген. Ал, бұл шешім дұрыс па, әлде бұрыс па, мұны бүгінгі подкастта талқыладық.

Сондай-ақ, қазақ хоккейшілері NHL-де қашан ойнайды, Асқар Мамин неге сәтсіздіктерге жауап бермейді деген сұрақтардың да жауабын іздеп көрдік.