Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Бізді осы үшін жазалады». «Барыс» бапкері Челябідегі жеңілістің себебін түсіндірді

Редактор
21.12.2024, 20:14

«Барыс» соңғы 10 кездесудің небәрі біреуінде ғана жеңіске жетті

hc.barys.kz

Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын Астананың «Барыс» клубы Челябіде жергілікті «Трактор» клубынан тартысты өткен матчта жеңіліп қалды.

Бірінші кезеңде айдын иелері бір шайба соққан. Бірақ үзілістен кейін «Барыс» қарқын алып, камбэк жасай жаздаған. Қонақтар екі мәрте мергендік танытып, есепте алға шықты. Кирилл Панюков пен Антон Бурдасов мергендігімен көзге түсті.

Дегенмен үшінші 20-минуттықта «Тракотор» жеңісті жұлып алды. Айналдырған бір минуттың ішінде екі шайба соғып, 3:2 есебімен басым түсті.

«Өте өкінішті жағдай. Жігіттер жақсы ойнады. Есепті теңестірді, тіпті алға шықты. Бірақ үшінші кезеңде тым ерте сеніп қойды ма, қолда тұрған жеңісті беріп қойды. Мұндай қателіктер болады. Бұл хоккей. Бізді осы қателігіміз үшін жазалады», - дейді «Барыс» бапкері Ғалым Мәмбетәлиев.

Осылайша, «Барыс» соңғы 10 кездесудің небәрі біреуінде ғана жеңіске жетті.

Енді 24 желтоқсанда «Трактор» Астанаға қонаққа келеді.

Жарнама
Жарнама