Егер оның допинг қолданғаны анықталса жеткен жетістіктері де жоққа шығарылады
Хоккейден «Қазақстан» ұлттық құрамасы мен «Терподо» хоккей клубының шабуылшысы Алексей Зубов үш жылға дейін спорттан шеттетілуі мүмкін.
Белгілі болғандай, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына қатысқаннан кейін ойыншылары допингке сынама тапсырған. Нәтижесінде Зуевтің сынамасынан тыйым салынған препараттың белгілері анықталыпты. Спортшының өзі ешқандай допинг қолданбағанын айтып ақталуда.
«Мен тыйым салынған заттың қай кезде ағзама түскенін білмеймін. Егер әдейі ішкен болсам онда бұл басқа мәселе болар еді. Бұл жағдайды естіп өзім аң-таң болып тұрмын», - дейді Алексей Зубов.
Қазіргі таңда арнайы комиссия бұл істі тексеріп жатыр. Егер сынама тағы да оң нәтиже көрсететін болса Алексей Зубовтың бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері жойылады.
Айта кетейік, Алексей Зубов осы маусымда «Торпедо» сапында 22 рет матч өткізіп 3 гол соқты және 15 нәтижелі бас берген.