Қазақстандық студенттер Швеция қақпасына 9 шайба соқты

Редактор
13.01.2025, 00:11

Келесі матчты қазақстандық жастар Оңтүстік Корея командасына қарсы өткізеді

Қазақстан хоккей федерациясы

Италияда XXXII Дүниежүзілік қысқы универсиада аясындағы хоккей турнирі алдын ала ойындармен басталды. 12 қаңтар күні еліміздің студенттер құрамасы алғашқы кездесуін өткізіп, Швецияны тас-талқан етіп ұтты, есеп – 9:2.

Матч біздің хоккейшілер үшін аса сәтті басталған жоқ. Кездесудің басында шведтер қатарынан екі шайба соқты, гол авторлары – Фолке Калл Линдфорс пен Джонатан Мейер. 

Алайда, алғашқы кезең аяқталар тұста қазақстандық жастар 21 секунд ішінде екі голмен ерекшеленді. Андрей Буяльский мен Николай Шульга мергендік танытты. Осыдан соң біздің жігіттерді тоқтату мүмкін болмады. Маусымды «Барыс» сапында бастаған Андрей Буяльский 2 гол соқса, Николай Шульга («Барыс») мен Данил Цыбин («Номад») де дубль авторы атанды. Одан қалды, Максим Мусоров («Торпедо»), Әділ Бейсембаев («Снежные Барсы») және Денис Чапоров («Арлан») көзге түсті.

Швеция – Қазақстан – 2:9 (2:2, 0:3, 0:4)

  • 1:0 – 05:37 – Мейер (Свенсон) ГБ
  • 2:0 – 12:11 – Линдфорс (Бекселиус, Ядлунг)
  • 2:1 – 19:19 – Буяльский (Оразов, Мусоров)
  • 2:2 – 19:40 – Шульга (Буяльский)
  • 2:3 – 28:21 – Шульга (Буяльский)
  • 2:4 – 31:48 – Цыбин (Тютюньков, Сүлейменов)
  • 2:5 – 36:53 – Цыбин (Тютюньков, Гусейнов)
  • 2:6 – 48:18 – Мусоров (Буяльский)
  • 2:7 – 51:03 – Бейсембаев (Буяльский)
  • 2:8 – 57:43 – Чапоров (Буяльский, Демин)
  • 2:9 – 59:35 – Буяльский (Мусоров)

Қақпашылар: Коллин - Әмірбеков