Ресейлік хоккейшінің АҚШ-тағы үйін тонап кетті

Редактор
15.01.2025, 13:31

Оқиға «Питтсбургтің» өз алаңында «Оттаваға» қарсы матчы кезінде болған

Reuters

АҚШ-та хоккейші Евгений Малкиннің үйі тоналғаны туралы ақпарат тарады. Ұлттық хоккей лигасындағы (НХЛ) «Питтсбург Пингвинс» клубының шабуылшысы Евгений Малкин бұл деректі «Матч ТВ» арнасына растады.

Телеарнаның мәліметінше, ұрлық дерегі 12 қаңтар күні Пенсильвания штатындағы Сьюикли-Хайтс қалашығында тіркелген. Бұл оқиға «Питтсбургтің» өз алаңында «Оттаваға» қарсы матчында (0:5 есебімен) ойнап жатқан күні болса керек. Матч аяқталған соң Малкиннің полицияға арыз бергені мәлім болды.

«Үйімнің тоналғаны туралы жаңалық жалған емес. Бірақ қазір тергеу жүріп жатқандықтан, толығырақ мәлімет бере алмаймын», – деді Малкин.

Ұрылар Малкиннің Стэнли Кубогындағы жеңістері үшін берілген чемпиондық жүзіктерін (2009, 2016 және 2017 жылдары) үптеп кетіпті. Оқиға кезінде үйдегі дабыл жүйесі мен бейнебақылау камералары толық өшірілген. Сондай-ақ, ұрылар үйдің артқы есігін бұзып кіріп, сейфті ашып алған.

Материалда: