Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Барыстың» соңғы 6 жылда легионерлерге қанша ақша бөлгені белгілі болды

Редактор
15.01.2025, 16:01

Антикор өкілі қомақты қаражат мақсатсыз жұмсалғанын айтады

hcbarys.kz

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Барыс» хоккей клубында бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалғанын алға тартты. Антикор төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың айтуынша, соңғы алты жылда бөлінген 49 миллиард теңгенің басым бөлігі легионерлерге жұмсалған.

«Алты жылда «Барыс» клубына 49 миллиард теңге бөлінген. Бұл қаражаттың басым бөлігі шетелден келген ойыншыларға берілген. Қазір ол хоккейшілер жоқ та, яғни қаражаттың тиімсіз жұмсалғанын көріп отырмыз. Әйтпесе осы аралықта түрлі кешендер салуға болатын еді. Бұл дегеніміз қомақты қаражат мақсатсыз жұмсалған дегенді білдіреді», - деді Сарқұлов.

Агенттік өкілі министрлік пен федерация басшыларына бюджет қаражатына қатысты ұсыныстар берілгенін де алға тартты.

«Спорт саласында ауқымды сараптама жүргізіп, министрлік пен федерацияларға бірқатар нақты ұсыныс бердік. Қазір «Барыс» клубының басшылығында, ойыншылар сапында өзгерістер болғанын көріп жатсыздар. Министрлік осы мәселе бойынша жүйелі түрде жұмыс істеп жатыр деп ойлаймын», - деп қосты ол.

Жарнама
Жарнама

Материалда: