Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Азия ойындары: хоккейден Қазақстанның қыздар құрамасы Гонконг қақпасына 12 шайба соқты

Редактор
04.02.2025, 02:04

Келесі ойын Таиланд құрамасына қарсы өтеді

Қазақстан хоккей федерациясы

Харбиндегі (Қытай) қысқы Азия ойындарында хоккей матчтары басталып кетті. Қазақстанның қыздар құрамасы бірінші ойында Гонконгпен кездесіп, 12:0 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші кезеңде қазақстандықтар төрт шайба соқты. Дильназ Саяхатқызы дубль жасаса, Мунира Саяхатқызы мен Лариса Свиридова бір-бір голдың авторы атанды.

Екінші кезең де қазақстандық хоккейші қыздардың бақылауымен өтті. Бұл кезеңде Александр Тебеньков шәкірттері жауапсыз бес шайба соқты. Гол авторлары: Мадина Тұрсынова, Анастасия Оразбаева, София Зубкова және Мунира мен Дильназ Саятқызы.

Қалған үш шайба Гонконг қақпасына үшінші кезеңде кірді. Алдымен Дария Молдабай көзге түссе, артынша Екатерина Куценко мен Мунира Саяхатқызы ойын нүктесін қойды.

Келесі матчты Қазақстан қыздары 4 ақпанда Таиланд құрамасына қарсы өткізеді. Таи хоккейшілері бірінші матчта Тайваньнан 1:4 есебімен жеңілген.

Жарнама
Жарнама