Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Азия ойындары: Қазақстан хоккейшілері Таиланд қақпасына 12 шайба соқты

Редактор
04.02.2025, 16:09

5 ақпанда Болякин шәкірттері Қытай құрамасына қарсы ойнайды

olympic.kz

Хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы Харибиндегі Азия ойындарын ірі жеңіспен бастады. Бірінші матчта Таиландпен кездескен Болякин шәкірттері қарсылас қақпасына жауапсыз 12 шайба соққан.

Бірінші кезеңде Қазақстан хоккейшілері төрт голмен көзге түсті. Гол авторлары: Вячеслав Колесников, Роман Старченко, Руслан Оспанов және Иван Степаненко.

Екінші кезеңде Әділ Бекетаев пен Әлихан Өмірбеков есепті 6:0-ге жеткізді. Ал, үшінші шешуші кезеңде қазақстандық хоккейшілер тағы күш алып, алты шайба соқты. Бұл жолы Евгений Рымарев, Андрей Буяльский, Тамерлан Гайтамиров, Артем Лихотников (екі гол) және Әділ Бекетаев көзге түсті.

5 ақпанда Болякин шәкірттері Қытай құрамасына қарсы ойнайды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның қыздар құрамасы да Гонконгты дәл осындай есеппен жеңіп кеткен болатын.

Жарнама
Жарнама