Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Барыстың» бас бапкері Ғалым Мәмбетәлиев ҚХЛ рейтингіндегі ең соңғы орынға жайғасты

24.02.2025, 23:15

Команда соңғы сегіз матчта жеңілген

Барыс ХК

Астаналық «Барыс» хоккей клубының бас бапкері Ғалым Мәмбетәлиев ҚХЛ жаттықтырушыларының рейтингінде ең соңғы орынға тұрақтады деп жазады «чемпионат.com» сайты.

Аталған рейтинг апта сайын жаңарып отырады. Бұл жолы қазақстандық маман Лигадағы ең әлсіз бапкер деген «мәртебеге» ие болып отыр. Өйткені, ол жаттықтыратын клуб жеңілістен көз ашар емес.

Рейтингтің көшін мәскеулік «Динамоның» бас бапкері Дмитрий Квартальнов бастап тұр. Екінші орында – Ги Буше («Авангард»). Ал, үздік үштікті «Северстальдың» жаттықтырушысы Андрей Козырев түйіндеді.

«Барыс» соңғы сегіз ойында жеңілді. «Шығыс» конференциясында соңғы 12-орында келеді. Биылғы маусымда барлығы 58 матч өткізіп, оның тек 11-де ғана жеңіске жетті, қалған 47 ойында жеңілген.

Сонымен қатар, астаналық клуб 2024 жылы үш рет бапкер және бір рет бас директорын алмастырды. Десе де, бұл шаралар да команданың сәтті ойнауына көмектесер емес.

Жарнама
Жарнама