Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Барыстың» бұрынғы ойыншысы оқыс апат салдарынан көз жұмды

18.03.2025, 23:27

Ол электр бағанасына соқтығысқан

КХЛ / Кузьмин Юрий

«Барыс» хоккей клубының экс-ойыншысы Томаш Клоучек 46 жасында қайтыс болды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, Клоучек Чехиядағы тау-шаңғы курортында сырғанап жүріп, электр бағанасына соқтығысып қалған. Жедел жәрдем қызметі мен құтқарушылар оқиға орнына дереу жеткенімен, спортшыны өлімнен арашалай алмады.

Томаш Клоучек – Чехия азаматы. Ол 2008-2012 жылдар аралығында астаналық «Барыстың» намысын қорғады. Одан кейін «Лев» командасында өнер көрсетті. «Барыс» сапында 128 матч өткізіп, 6 рет гол соққан.

Жарнама
Жарнама