Астаналық ұжым 68 ойынның 54-де жеңілген
«Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының биылғы маусымын аяқтады. Астаналық команда соңғы ойынды өз айдынында уфалық «Салават Юлаевқа» қарсы өткізіп, ойсырай жеңілді.
Ойынның бірінші кезеңінде қонақтар «Барыс» қақпасына жауапсыз қос шайба соғып, есепте алға шыққан. Екінші кезеңде Аслан Жүсіпбеков көзге түсіп, таблодағы көрсеткішті 1:2-ге жеткізді. Дегенмен, үшінші кезең Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері әлсіздік танытып, өз қақпасына тағы екі шайба жіберіп алды. Қорытынды есеп – 4:1, «Салават Юлаевтың» пайдасында.
Осылайша, Астананың «Барысы» ҚХЛ-дың биылғы маусымын аяқтады. Елордалық клуб барлығы 68 матч өткізіп, оның 54-де жеңілген. Бұрын-соңды команда тарихында мұндай төмен нәтиже болған емес.